Сондерс: Головкинмен Қазақстанда жұдырықтасуға дайынмын

Сондерс: Головкинмен Қазақстанда жұдырықтасуға дайынмын

Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс Геннадий Головкинмен Қазақстанда жұдырықтасуға дайын екенін айтты.

«Головкинмен жұдырықтасу үшін кез келген жерге ұшып барамын. Онымен Қазақстанда кездесуге дайынмын. Маған бәрібір! Головкин мықты, бірақ оны жеңуге болады. Боксшы қашан да панчерді жеңе алады, ол мен секілді қолайсыз қарсыласпен әлі кездеспеді. Мен оның осал тұстарын білемін және оны өз басымдығыма айналдырамын. Қаншалықты мықты екенімді көргім келеді. Мен өз қалпымдамын және фанаттардың қалағанын бергім келеді. Бәске өзімнің WBO белбеуімді қоямын», - деді Сондерс.

Айта кетейік, Головкинге орта салмақтағы барлық белбеуді алу үшін Билли Джо Сондерсті жеңіп, британиялыққа тиесілі WBO титулын алу қажет. Бұған дейін бұл жекпе-жек EXPO халықаралық көрмесіне орай Астанада маусым айында өтеді деп хабарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или