Леффлер – Қазақстанда жекпе-жек өткізу жайында
WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Қазақстанда жекпе-жек өткізу жайлы және Сауль Альвареске қарсы кездесу туралы пікірін айтты.
«Қазір ештеңе жоспарланған жоқ. Мен көптеген келіссөздер өткізіп жатырмын. Golden Boy-мен және Қазақстан өкілдерімен. Олар сол жақта (Қазақстанда) жекпе-жек ұйымдастырғысы келеді. Бірақ әзірше ештеңеге қол қойылған жоқ. Сенбідегі жекпе-жектің нәтижесін көргіміз келді, себебі ештеңеге келіспегенімізді білдік. «Канеломен» де, Қазақстанмен де ештеңе шешілген жоқ. Бірақ бұл менің жұмысым, осы аптада қолда не барын көреміз. «Канеломен» келісім-шартты аяқтай алмай отырмыз, себебі ол кіші Хуил Сезар Чавеспен кездесуі қажет. Бірақ бұл жекпе-жектің өтуі үшін бар мүмкіндікті жасаймыз, - деді Леффлер.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Головкин Нью-Йоркте Джейкобсты төрешілер шешімімен жеңген болатын. Кездесуден кейін Геннадий Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.