Головкин - Джейкобс жекпе-жегіне бәс тіккен жерлесіміз 4 миллион теңге ұтылды
Қазақстандық жанкүйердің Головкин - Джейкобс жекпе-жегіне тіккен 4 миллион теңгесі «күйіп» кетті.
Осыдан бірнеше күн бұрын спорт жанкүйері әлеуметтік желіде Геннадий Головкин мен америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс жекпе-жегіне 4 миллион теңге бәс тігіп, қойылған чектің суретін жариялаған болатын. Ол төрт раундқа бәс қойған.
Өкінішке қарай, «құмарпаздың» ойлағаны оң нәтиже бермеді. Головкин 12-раундта ұпай санымен жеңіске жетіп, оның ұтысқа салған 4 миллион теңгесі «күйіп» кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или