Нұрсұлтан Назарбаев Головкинді жеңісімен құттықтады
<span>Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге WBA (Super), WBC, IBO және IBF тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғап қалуына байланысты құттықтау жолдады. </span>
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Г.Головкиннің қарымды қарсыласпен жанталасқан жекпе-жекте асқан шеберлік, қажымас қайрат және нағыз спортшыға тән мінез көрсетіп, чемпиондық атақтарын тағы да лайықты қорғап қалғанын атап өтті.
«Сенің жеңісің барша қазақстандықтарға зор қуаныш сыйлап, олардың жүрегін елімізге және отандық бокс мектебіне деген мақтаныш сезіміне бөледі», – делінген құттықтауда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или