Шарапова: Былтыр алкогольді көп іштім
Ресейлік теннисші Мария Шарапова теннистен шеттетіліп, ойнамай жүрген уақытта алкогольді көп ішкенін мойындады.
«Өткен жылы алкогольді көп іштім. Өмірімде спирттік ішімдікті олай көп пайдаланбап едім. Көп уақытымды үйден тыс жерде өткізіп, қыдырдым», - деді Шарапова Vogue журналына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың наурызында Шарапованың қанынан допинг табылған болатын. Халықаралық теннис федерциясы оны екі жылға жазалаған, алайда Лозаннадағы арбитражды сот оның жазасын 15 айға дейін қысқартты.
Осылайша, ресейлік теннисшінің жазасы 26 сәуірде аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или