Головкиннің нокауттар сериясы сегіз жылға созылды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бүгін америкалық Дэниэл Джейкобсты төрешілердің шешімімен жеңді.
Соңғы рет Головкин қарсыласын осыдан тоғыз жыл бұрын нокаутсыз, қазылар шешімімен ұтқан болатын. 2008 жылы 21 маусымда Геннадий Данияда алжирлік Амар Амариді сегіз раунд қорытындысы бойынша жеңген еді.
Осылайша, Головкин 2008 – 2016 жылдар арасында қатарынан 23 кездесуді нокаутпен аяқтаған.
Айта кетейік, Джейкобсқа қарсы кездесу GGG-дің 12 раунд бойы өткен алғашқы жекпе-жегі болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или