Геннадий Головкин чемпиондық атақтарын қорғап қалды
Қазақстандық Геннадий Головкин Нью-Йорктегі бокс кешінде америкалық Дэниэл Джейкобстан басым түсті.
Кездесу бәсең басталғанмен, раунд санап боксшылар белсенділік таныта бастады. Төртінші кезеңде қазақстандық Джейкобсты нокдаунға түсірді. Ары қарай бірнеше раунд бойы GGG қарсыласын соққының астына алған. Бірақ, америкалық табандылық танытты. 12 раундқа созылған жекпе-жекте Геннадий Головкин төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или