Сондерс Головкин - Джейкобс жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасады
Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс жекпе-жек алдында Головкин мен Джейкобсқа сәттілік тіледі.
- Головкин мен Джейкобсқа сәттілік тілеймін. Мықтысы жеңіске жетсін. Бұл кездесудің жеңімпазы менімен жұдырықтасады, - деп жазды Сондерс «твиттердегі» ресми парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда Нью-Йорк қаласында Головкин – Джейкобс бокс кеші өтуде. Жерлесіміз шаршы алаңға шамамен 20 минуттан кейін шығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или