«Арландар» Таразда Patriot Boxing Team командасынан басым түсті
Бүгін, 18-ші наурызда, Astana Arlans пен Patriot Boxing Team WBS аясында кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz
Алғашқы жекпе-жекте Олжас Сәттібаев ресейлік Вячеслав Ташкараковқа қарсы шыққан болатын. Боксшылар шекелерімен тіресіп қалғандықтан төреші кездесуді тоқтатты. Ойынның төрешілері бір ауыздан жеңісті (30:27, 30:27, 30:27) Олжасқа берді.
Ал, Зәкір Сафиуллин 60 келі салмақ дәрежесінде ресейлік Артур Субханкуловтан төрешілердің шешімі бойынша басым түсті (49:46, 49:46, 49:45). Үшінші жекпе-жекте Асланбек Шымбергенов 69 келіде Шахабас Махмудовты айқын басымдықпен ұтты (50:45, 49:46, 50:45). Содан кейін Арман Рысбек 81 келіде Павел Силягиннен төрешілердің шешімі бойынша басым түсті(48:47, 47:48, 48:47). Ал, соңғы бесінші кездесуде 91 келі салмақта Олжас Бұқаев Магомед Омаровқа қарсы шыққан болатын. Өкінішке қарай, отандасымыз жеңіліс тапты (45:50, 45:50, 45:50).
Қорытынды есеп - 4:1. «Арландар» кезекті жеңісіне жетті.