Қазақстандықтар «кіші әлем чемпионатының» төрт алтынын алды

Қазақстандықтар «кіші әлем чемпионатының» төрт алтынын алды

Қазақстандық төрт боксшы немістің Галле қаласында өткен Химиктер кубогында жеңімпаз атанды.

Финалда төрт отандасымыз өнер көрсетті – Азамат Исақұлов (52 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (69 кг дейін), Әбілхан Аманқұл (75 кг дейін), Василий Левит (91 кг дейін) пен Қамшыбек Құнқабаев (91 кг жоғары). Бұлардың ішінде тек Жүсіпов қана жеңіліп қалды – ол неміс Абасс Барауға жол берді.

Қазақстандық боксшылардың нәтижелері:
Азамат Исақұлов — Овик Оганесян (Ресей) 4:1
Абылайхан Жүсіпов — Абасс Барау (Германия) 1:4
Әбілхан Аманқұл — Макс ван дер Пас (Нидерланды) — қарсылас кездесуді жалғастыра алмағандықтан Аманқұлдың жеңісі
Василий Левит — Владимир Узунян (Ресей) 5:0
Қамшыбек Құнқабаев — Андрей Городецкий (Украина) 5:0.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или