Головкин Хопкинстің рекорды жайлы айтты
Орта салмақта WBA, IBF, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық Бернард Хопкинске тиесілі рекордты бұзу жайлы ойымен бөлісті.
Айта кетейік, Хопкинс орта салмақта чемпиондық титулын 20 рет қорғай алған.
«Бұл тамаша ғой. Мен Бернардты құрметтеймін, оның жетістігі мақтанарлықтай. Бұл жекпе-жекте жеңіске жеткім келеді. Мен үшін рекорд аса маңызды емес», - деді Геннадий.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы өз титулын 17 рет қорғап қалған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или