Шәрібаев қарсыласын нокаутқа түсірді

Шәрібаев қарсыласын нокаутқа түсірді

Американың Тампа қаласында қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаев пен мексикалық панчер Габино Котой арасындағы жекпе-жек аяқталды.

Қазақстандық боксшы кездесу басталысымен-ақ рингтің ортасында жүріп, бәрін бақылауда ұстады. Бесінші раундта Айдар қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. Мексикалық боксшы реферидің есебіне дейін тұра алған жоқ.

Бұл Шәрібаевтың кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегі болатын. Төрт кездесуді нокаутпен аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или