Ержан Залилов Мәскеуде жеңіске жетті

Ержан Залилов Мәскеуде жеңіске жетті

17-ші наурыз күні Ресей астанасы Мәскеуде бокс кеші өтті. Аталған бокс кешіне қазақстандық былғары қолғап шебері Ержан Залилов та қатысты.

Жерлесіміздің қарсыласы өзбек боксшысы Хумоюн Рустамов болды.

Кездесу белгіленген сегіз раундқа жалғасты. Жекпе-жекте Ержан төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. <br />Осы жеңісін қосқанда Залилов жеті кездесуде жеңімпаз атанды. Оның екеуін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал бір кездесуде тең түскен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или