Грек-рим күресінен командалық әлем кубогы аяқталды

Грек-рим күресінен командалық әлем кубогы аяқталды

Иранның Абадан қаласында өткен грек-рим күресінен әлем кубогы өз мәресіне жетті.

Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы сегіз команданың ішінен тек жетінші орынды қанағат тұтты. Жарыстың бірінші раундында жерлестеріміз ресей балуандарынан ойсырай ұтылса, екінші және үшінші раундттарда Иран мен Германия балуандарынан да айласын асыра алмады. Нәтижесінде, отандастарымыз «B» тобында соңғы орын алған Беларусь мемлекетінің боз кілем шеберлерімен 7-8-ші орындар үшін күш сынасып, жетінші орынды қанағат тұтты.

a0db7e739d8a1f2939c9f8280d66602c.jpg61382f5f6e5ffa7c0eb3f39c44570849.jpgfe760e2b21ee705c233d57b3f9181dcb.jpg6e29259908be6dad022d3a988f0afb9d.jpg337b6e362426d4d0e367d8ce89ca724f.jpg

 Жарыстың нәтижелері

1. Ресей

2. Әзербайжан

3. Иран

4. Түркия

5. Германия

6. Украина

7. Қазақстан

8. Беларусь

 

Айта кетейік, бұл жарысқа Дамир Күзембавтан басқа, соңғы Қазақстан чемпионатының жеңіпаздары қатыспады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или