Әділбек Ниязымбетов «Chemistry Cup» жарысының жартылай финалына шықпай қалды
Германияда өтіп жатқан «Chemistry Cup» турнирінде бокстан ұлттық құрамамыздың капитаны Әділбек Ниязымбетов жартылай финалдық жекпе-жегіне шықпай қалды.
Рио Олимпиадасынан кейін алғашқы халықаралық жарысқа қатысып жатқан Әділбек кездесулерін айқын жеңіспен аяқтап, жартылай финалға жолдама алған болатын. Алайда, белгісіз себептермен боксшымыз шаршы алаңға шықпай қалды.
Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуынша, Әділбекті Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдық мерейтойына орай өтетін іс-шараға қатысу үшін шұғыл түрде елге шақыртқан.
Естеріңізге сала кетейік, Әділбек Ниязымбетов екі рет Олимпиаданың финалына шығып, екеуінде де күміс жүлде иеленген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или