Головкин мен Джейкобс салмақтарын өлшеді (+Видео)

Головкин мен Джейкобс салмақтарын өлшеді (+Видео)

Қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс жекпе-жек алдында салмақтарын өлшеді. Сондай-ақ, боксшылардың кездесу үшін қанша қаржы алатындары белгілі болды.

Салмақ өлшеу рәсімінде белгілі болғандай, боксшылардың салмақтары шамалас. Головкин 72,4 кг болса, Джейкобстан одан сәл ғана ауыр – 72,5 кг.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бұл жекпе-жекте 2,5 миллион сыйақы алса, америкалық былғары қолғап шеберіне осы кездесу үшін 1,75 млн беріледі. Бұл  қаржыдан бөлек, боксшылар НВО телеарнасындағы PPV-сатылымнан түскен ақшаның пайызын алады. Бұл Головкиннің кездесу үшін алған ең жоғарғы қаржысы болмақ. 

<span>Айта кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл бокс кешін «Қазақстан» мен KazSport телеарналары көрсетеді. Головкиннің жекпе-жегі наурыздың 19-да Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или