Томми Хаас: Маған тоғыз операция жасады

Томми Хаас: Маған тоғыз операция жасады

Неміс теннисшіс Томми Хаас жарақатынан кейін кордқа оралудың қиындығы туралы айтты.

«Маған тоғыз операция жасады(иық, жамбас, аяқ, шынтақ, тізе). Осы жарақаттар салдарынан төрт жылымды жоғалттым. Арасында өзімнен сұраймын, осыншалық жарақаттан соң кордқа оралу үшін қаншалықты күш-жігер керек деп. Мен бұл туралы Федерермен сөйлестім. Ол бұның бәрін қалай бастан өткеру мүмкін екендігін білмейтінін айтты. Өткен жылы ол да операция жасатты. Алайда ол 10-12 күнде кордқа қайта оралды. Менің тәжірибемде ондай аз уақытта жазылып кету жағдайы тіркелмеген. Маған кемінде бес-алты ай керек», - дейді Томми Хаас.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или