GGG промоутері Лимен жекпе-жек шарттары жайлы құпияны ашты

GGG промоутері Лимен жекпе-жек шарттары жайлы құпияны ашты

К2 Promotions атқарушы директоры Том Леффлер ирландиялық боксшы Энди Лиді құрметтейтінін айтып, Геннадий Головкинмен болуы ықтимал жеке-жек шарттары жайлы айтып берді.

«Ли Головкинмен жұдырықтасуға келісім берген санаулы орта салмақтардың бірі. Алайда Геннадийдің әкесі қайтыс болып, жекпе-жек болмады. Бірақ, Эндиді осы үшін қатты құрметтейміз», - деді Леффлер. Сонымен бірге, промоутер 18 наурыз күні Головкин мен Ли жеңіске жеткен жағдайда, жекпе-жек болуы мүмкін екенін айтты. 
Еске салайық, Энди Ли Головкин - Джейкобс бокс кешінің андеркарды аясында рингке шығады. Оның қарсыласы америкалық Кеандре Лезервуд болмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или