Жақиянов IBO титулынан айырылды
Ең жеңіл салмақта өнер көрсететін Жанат Жақиянов IBO титулынан айырылып қалды. Бұл туралы Boxrec.com порталы жазды.
Жақияновтың титулдан айырылу себебі – қазақстандық боксшы ұйымға төлемақыны бермеген.
IBO сайтындағы боксшылар рейтингісінде де бұл чемпиондық белбеу бос тұр.
Осылайша, Жанат Жақиянов енді тек WBA тұжырымы бойынша ғана әлем чемпионы.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық боксшы IBO титулын Роуши Уорренге қарсы кездесуде жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или