GGG – Джейкобс кездесуі «жыл жекпе-жегіне» үміткер бола ма?

GGG – Джейкобс кездесуі «жыл жекпе-жегіне» үміткер бола ма?

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобстың кездесуі осы жылдың ең үздік жекпе-жегіне үміткер болатынын атап өтті.

Ұйым сайтының хабарлауынша, бұл кездесуде Головкин WBA чемпиондық титулын 17-ші рет қорғамақ. Ол бұған дейінгі 16 үміткерді нокаутқа жіберген болатын.

«Джейкобсқа қарсы кездесу «жыл жекпе-жегіне» үміткер болады деп күтіп отырмыз. GGG ешқашан Джейкобс секілді шабуылдаушы қарсыласпен жұдырықтаспаған. Ал Дэниэл, өз кезегінде, Головкин секілді мықты қарсыласпен кездескен жоқ. Оны орта салмақтағы ұлы боксшылармен салыстырып жүр. Мұндай мықты жекпе-жек Карлос Монсон — Родриго Вальдес (1967-67), Марвин Хаглер — Томас Хирнс және Рэй Леонард (1985-87), сондай-ақ, Бернард Хопкинс — Феликс Тринидад (2001) кездесуінен бері болған жоқ», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл бокс кешін «Қазақстан» мен KazSport телеарналары көрсетеді. Головкиннің жекпе-жегі наурыздың 19-да Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или