Боб Арум: Джейкобстың GGG-ді жеңе алатынына күмәнім бар
Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арумның пікірінше, Дэниэл Джейкобста Геннадий Головкинге қарсы кездесуде жеңіске жететін мүмкіндік бар.
«Ең алдымен, Джейкобс – орта салмақтағы өте жақсы боксшы, кез келгенді ұта алады. Бірақ GGG ерекше ғой, ол нағыз талқандаушы. Головкиннің көптеген қарсыластарына еш мүмкіндік бермейтінмін, бірақ Джейкобста мүмкіндік бар. Себебі Дэниэл соққыны жақсы жасайды және оны қабылдай алады. Головкинді жеңу – нағыз ауыр тапсырма. Әрине, Дэнни назар аударуға тұрарлық, бірақ ол GGG-ді жеңе ала ма – бұған күмәнім бар», - деді Арум.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или