Головкин жекпе-жек алдында 5 допинг сынама тапсырды

Головкин жекпе-жек алдында 5 допинг сынама тапсырды

Головкин – Джейкбос жекпе-жегі 19-шы наурыз күні өтеді.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Даниэл Джейкобспен кездесу алдында 5 допинг сынама тапсырып үлгерген.  GGG жекпе-жекке сегіз аптаның ішінде дайындалған. Жаттығудың жиілігін Абель Санчес  Джейкобстың Генаға көп қиындық тудыру мүмкіндігімен түсіндірді.

«Головкин Дэннидің дайындап қойған қиындығын асыға күтеді. Бізде оған қысым жасай алатын спарринг-әріптестер де болды. Біз дұрыс тактика дайындадық деп ойлаймын. Бірақ бізді қиын сайыс күтіп тұр», - деді Санчес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или