Давид Лемье: Джейкобс Головкинді жеңе алмайды

Давид Лемье: Джейкобс Головкинді жеңе алмайды

Канадалық боксшы Давид Лемье Головкин - Джейкобс кездесуі жайлы және қазақстандық боксшының күші туралы айтып берді. 

- Джейкобс - өте мықты боксшы. Тәжірибесі мол және күші көп. Бірақ Дэниел Головкинді жеңе алмайды. 

Бәлкім, менің соққым Головкиндікінен жойқын шығар. Алайда, Геннадийдің физикалық дайындығы керемет әрі қолдары ауыр. Өзімді «Трипл Джимен» салыстырғым келмейді, кімнің күшті панчер екенін жанкүйерлер шешсін, - деді Лемье BoxingScene сайтына. 

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек наурыздың 19-ы, Нью-Йорк қаласында өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или