Головкин: Менде Келл Брукпен көше төбелесі болды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) «НВО»-ға берген сұхбатында америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) болатын жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
«Мен Джейкобсты сыйлаймын. Бүгінгі күні ол мен үшін ең жақсы қарсылас. Ол тәжірибелі әрі ақылды жауынгер және сырт келбеті де келісті. Менде Келл Брукпен көше төбелесі болып еді, ал Джейкобспен бокс болады. Әрбір айқас - әртүрлі. Қазір барлығы боксты көргісі келеді. Барлығы аса маңызды екендігін жақсы түсінемін: жеңген боксшы орта дивизионда нөмірі бірінші болады», - деп атап өтті Головкин.
Еске салайық, Головкин-Джейкобс жекпе-жегі 18 наурыз күні Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстандық телеарналар айқасты тікелей эфирден көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или