Грек-рим күрес шеберлері әлем кубогына аттанады
Иранда 16-17 наурыз аралығында грек-рим күресінен командалық әлем кубогы өтеді.
Жарыста Қазақстан құрамасымен қатар жеті құрама қатысады. Осыған дейін өткен жеребе бойынша 8 құрама 2 топқа бөлінген. «А» тобында Қазақстан, Ресей, Иран және Германия құрамалары болса, «В» тобына Әзербайжан, Түркия, Беларусь және Украина елінің балуандары түскен. Жарыста жеңімпаз атанған құрама 25 000 АҚШ доллары, екінші орын алған құрама 15 000 АҚШ долларын, ал үшінші орын иегерлері 10 000 АҚШ долларын алатын болады. Әлем кубогына Қазақстан құрамасы сапында 10 балуан бақ сынайды. Отандастарымыз алғашқы белдесулерінде Ресей балуандарымен кездеседі.
Қазақстан құрамасы:
59 келі - Жансерік Сәрсенбаев, Айдос Сұлтанғали
66 келі - Данияр Қаленов
71 келі - Демеу Жадыраев
75 келі - Тамерлан Шадукаев, Мақсат Ережепов
80 келі - Дәулет Жақсылықов
85 келі - Азамат Күстібаев
98 келі - Әлімхан Сыздықов
130 келі - Дамир Күзембаев.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или