Джейкобс Головкинді Тайсонмен салыстырды

Джейкобс Головкинді Тайсонмен салыстырды

Америкалық Дэниэл Джейкобс алдағы қарсыласы Геннадий Головкинді аңызға айналған боксшы Майк Тайсонмен салыстырды.

«Майк Тайсонның жекпе-жектерін көргенбіз. Боксшылар әр түрлі болады, бірақ Тайсонға қарсы рингке шыққан бойда бәрі қобалжып, қорқып, өзінің үздік боксын көрсете алмайды. Мартин Мюрреймен әуесқой бокста бір-екі рет кездескенмін, сол кезде қарқыны мықты болатын. Алайда Головкинге қарсы жекпе-жекте ол қашып жүрді, бойынан қорқынышты көрдім. Бұған үйрену қиын, алайда сондай қысым кезінде шыдамдылық керек. Бәріміз де соны үйрендік деп ойлаймын», - деді Джейкобс.

<span>Айта кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл бокс кешін «Қазақстан» мен KazSport телеарналары көрсетеді. Головкиннің жекпе-жегі наурыздың 19-да Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или