Ғалымжан Кенжебаев: Джейкобс Головкинге лайық қарсылас

Ғалымжан Кенжебаев: Джейкобс Головкинге лайық қарсылас

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің алғашқы бапкерлерінің бірі Ғалымжан Кенжебаев өз шәкіртінің америкалық Дэниел Джейкобсқа қарсы кездесуі туралы айтып берді.

- Бұл кездесуде ең бастысы - мотивация. Джейкобс Головкинге қарсы жекпе-жекке өте мұқият дайындалуда. Ол бұл кездесудің қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді. Дэниел Геннадийге лайық қарсылас деп ойлаймын. Ол Генадан кейін орта салмақ дәрежесіндегі ең үздік боксшы. Тәжірибесі де мол. Соңғы кездесулерінде америкалық өте мықты боксшы Питер Куиллинді жеңген болатын. Сөзсіз, бізді өте қызық жекпе-жек күтіп тұр. 

- Головкинді ұту үшін Джейкобсқа не істеу қажет?

- Джейкобстың күші көп, соққылары жойқын. Шаршы алаңда шапшаң қимылдайды. Техникалық тұрғыда мықты боксшы. Менің ойымша, бастапқы раундтар кездесу тағдырын шешуі мүмкін. Джейкобс Головкиннің әр соққысына жауап беруге тырысады. Ол әлемді таң қалдыру үшін бар күшін салады. Жекпе-жектің басы Геннадий үшін өте ауыр болмақ. 

- Соңғы кездері көптеген бокс мамандары Головкин көп соққы жібереді, оның қорғанысы әлсіз деген әңгімелер айтуда. Бұл туралы не ойлайсыз? 

- Олардың неге осылай айтып жүргенін түсінемін. Головкиннің соңғы кездесулерінен кейін мұндай сөздер жиі естіледі. Геннадий қазір бұрынғыдан қарағанда сирек жұдырықтасып жүр. Ал мұндай деңгейде шаршы алаңға жиі шыққан дұрыс. Брукқа қарсы кездесуде Генаның соққыларды әдейі жібергенін аңғаруға болады. Бұл түсінікті. Головкин жекпе-жек Англияда ақылы көрсетілім арқылы өткен соң кездесудің неғұрлым қызық өткенін қалады. Бұл қазақстандық боксшының арнайы тактикасы болды. Джейкобсқа қарсы кездесуде жерлесіміз мұндайға жол бермейді. 

e7852144ada2d2cfbf6e4ce801a79fec.jpg

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или