Биатлоннан Қазақстан құрамасы әлем кубогының сегізінші кезеңінде бесінші орын алды
Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан өткен Әлем кубогының сегізінші кезеңі аясында супермикст бәсекелерінде жерлестеріміз бесінші орынға ие болды.<br /><br /> Жекелей аралас эстафетада Қазақстан намысын Галина Вишневская мен Ян Савицкий қорғады. Бұл сында бас жүлдені аустриялық (Лиза Хаузер, Симон Эдер) - 31:35.1 команда жеңіп алса, екінші орынды АҚШ (Сьюзен Данкли, Лоуэлл Бейли) құрамасы қанжығасына байлады. Ал үздік үшінші орын Германия (Лаура Дальмайер, Роман Реес) құрамасына бұйырды. Ал біздің командамыз бесінші орынға тұрақтады. <br /><br /> Естеріңізге сала кетейік, Швеция елінің Эстерсунд қаласында өткен кезеңде де дәл осы құрам бесінші орыннан көрінген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или