Мейвезер: Макгрегормен жұдырықтасу үшін мансабымды бастаймын
Кіші Флойд Мейуезер Конок Макгрегорға қарсы жекпе-жек үшін мансабын қайта бастайтынын айтты.
«Мен Артуро Гаттиге қарсы жекпе-жекте оның аймағына келдім. Ол «А» жағында, ал мен «Б» жағында болдым. Мен оны жеңдім және ештеңеге шағымданып, шу шығармадым. Мен Оскар Де Ла Хойямен кездескенде, ол «А» жағында, мен «Б» жағында болдым. Мен тағы да шағынданбадым. Оны жеңіп, «А» жағына өттім. Макгрегормен жекпе-жек өткізу үшін мен мансабымды қайта бастаймын», - деді Флойд.
— Мен ақша туралы және UFC туралы естігім келмейді. Маусымда жекпе-жек өткізу үшін UFC-мен бірге келісімшартқа қол қой. Қарапайым әрі түсінікті. Сен «Б» жағындасың, ал мен «А» жағындамын. Біз ақша туралы сөйлеспейміз, сенің жұдырықтасқың келеді. Сен қол қойсаң, маусым айында жұдырықтасамыз. Уақыт созып керек емес, - деді боксшы.