Бокстан халықаралық турнир аяқталды

Бокстан халықаралық турнир аяқталды

Оралда Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті Бекет Махмұтовтың жүлдесі үшін тұңғыш рет ұйымдастырылған халықаралық жарыс мәреге жетті, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар. 

Финалдық жекпе-жектерді облыс әкімі Алтай Көлгінов тамашалады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Жапония елдерінен 130-ға тарта спортшы қатысты. Турнир барысында шеберліктерін көрсете білген батысқазақстандық қос боксшы Нұрсұлтан Нұриденов (49 кг) пен Әли Агедилов (64 кг) чемпион атанды. Сондай-ақ өз салмақ дәрежелері бойынша Рьюторе Накатики (52 кг.), Хаято Тзутсуми (56 кг, екеуи де Жапониядан), Али Есенов (60 кг, Ақтөбе), Нүркен Нұрымов (69 кг, Атырау), Бауыржан Байгөншеков (75 кг, Павлодар), Дәулет Есенов (81 кг, Қарағанды), Жамшидбек Махмадалиев (91 кг), Азизбек Муложонов (91 келіден жоғары, екеуі де Өзбекстаннан) үздік шықты. Жеңімпаз жүлдегерлердің барлығы дипломдармен және медальдармен марапатталды. <br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или