Лемье Головкинді жекпе-жекке шақырды
Канадалық боксшы Давид Лемье америкалық Кертис Стивенсті нокаутқа жіберген соң, болашақ қарсыластары туралы айтып өтті.
«Тамаша қалпымдамын, үлкен жұмыс атқардым. Енді үздіктермен жұдырықтасуға дайынмын – Геннадий Головкин, Сауль Альварес және Билли Джо Сондерспен», - деді Лемье жекпе-жектен кейін.
Айта кетейік, Головкин мен Лемье 2015 жылы 17 қазанда жұдырықтасқан болатын. «Мэдисон Сквер Гарденде» өткен кездесуде қазақстандық боксшы қарсыласын 8-раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или