Головкин мен Джейкобс салмақтарын өлшеді
Боксшылар жекпе-жекке бір апта қалғанда салмақтарын азайта алған.
Бұл салмақ дәрежесінің лимиті – 72,57 килограмм (160 фунт). Кездесуге бір күн қалғанда екі боксшы да осынша салмақта болуы тиіс.
Жекпе-жекке бір апта қалғанда WBC ережесіне сай боксшылар салмақтарын өлшеуі керек. Головкин 73,48 келі (162 фунт) болса, оның қарсыласы Дэниэл Джейкобс – 75,75 кг (167,8 фунт). Келесі салмақ өлшеу рәсімі 18 наурызда өтеді.
Айта кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл бокс кешін «Қазақстан» мен KazSport телеарналары көрсетеді. Головкиннің жекпе-жегі наурыздың 19-да Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или