Зәлилов алтыншы жеңісіне жетті

Зәлилов алтыншы жеңісіне жетті

Испанияның Бильбао қаласындағы «Frontón Bizkaia» аренасында қазақстандық боксшы Ержан Зәлилов никарагуалық Генри Мальдонадодан басым түсті.

Кездесу бойы Зәлилов Мальдонадоға қарағанда басымырақ болған. Нәтижесінде 24 жастағы отандасымыз қарсыласын төрешілердің шешімімен жеңді.

Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісі болатын. Еншісінде бір жеңіліс бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или