Юлия Путинцева BNP Paribas Open турнирінен шығып қалды

Юлия Путинцева BNP Paribas Open турнирінен шығып қалды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева BNP Paribas Open турнирінің екінші айналымында Франция елінің өкілі Паулин Пармантьеге есе жіберіп, жарыстан шығып қалды. Екі сетке созылған ойынның есебі 2:6, 3:6.

Әлемдік рейтінгіде 31-ші орында тұрған жерлесіміз жарысты екінші айналымнан бастаған болатын.

Естеріңізге салсақ, дәл осы турнирде тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведова америкалық Варвара Лепченкодан жеңіліп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или