Али Ахмедов кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне жетті
11-ші наурыз күні Польша астанасы Варшавада бокс кеші өтті. Кештің басты кездесуінде қазақстандық Али Ахмедов гамбиялық Патрик Мендимен кездесті.
<br />Қазақстандық боксшы үшін бұл кәсіпқой бокстағы алтыншы кездесуі болатын. Али Ахмедов осыған дейін өткізген бес кездесуінің барлығында айқын басымдықпен жеңген.
Ал оның қарсыласы гамбиялық Патрик Менди әлемдік рейтінгіде 50-ші орында тұрған боксшы болатын.
Сегіз раундқа белгіленген кездесу қазақстандық Али Ахмедовтың айқын басымдығымен өтті. Кездесу соңында төрешілер бірауыздан жерлесімізді жеңімпаз деп тапты.

Айта кетейік, бұл Али Ахмедовтың Полбша жерінде өткізіп отырған алғашқы кездесуі емес. Ол бұған дейін де бір жекпе-жек өткізіп үлгерген. Өткен жылдың желтоқсанында Али белорус Владимир Харкевичті төрешілердің шешімімен жеңген болатын.