Головкинның командасы келесі қарсыласты іздеу үстінде

Головкинның командасы келесі қарсыласты іздеу үстінде

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандықтың келесі қарсыласын іздеп жатқандарын айтты. 

«Көбі Головкимен жұдырықтасуға дайын екенін айтады. Бірақ, келісімшартқа отыруға дейін баратындары аз. Әрине, біз Келл Брук пен Дэниэл Джейкобсты құрметтейміз. Жақында ол рингке шығады. Бұл оның мансабындағы ең қауіпті әрі ең ірі жекпе-жек болмақ.

Ешкім болашақта не болатынын білмейді. Бірақ, мен қазірдің өзінде басқа промоутерлермен келіссөз жүргізіп жатырмын. Бұл кімнің бос екенін және Головкинмен жұдырықтасқысы келетіндерді білу үшін керек.

«Канеломен» әзірге жағдай өзгермеді. Біз келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бірақ, ол үшін екі шарт орындалуы керек. Геннадий 18-ші наурыз күні, ал «Канело» 6-шы мамыр күні жеңіске жетуі тиіс. Егер бұлай болмаса, олардың жекпе-жегі де болмайды. Golden Boy келісімге келуге дайын болса, бізде ұсынысты қабылдауға дайынбыз», — деп  Леффлердің сөзің Daily News келтірді.

Естеріңізге сала кетейін, Головкин - Джейкбос жекпе-жегі Астана уақытымен 19-шы наурыз күні таңертең басталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или