Астанада «Қазақ күресі» федерациясының конгресі өтеді

Астанада «Қазақ күресі» федерациясының конгресі өтеді

Астана қаласында Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының конгресі өтеді. 

Оған Ұлттық федерациялар және дәстүрлі күрес түрлері федерацияларының өкілдері қатысады, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар. Конгрестің күн тәртібінде қазақ күресінің жер шарының әр түкпірінде қанат жаюы және келешек даму жолдары қарастырылады. Конгресс жұмысына Америка, Африка, Еуропа және Азия құрлықтарынан жалпы 50 елдің делегаттары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қызметкерлері, ұлттық күрестің ардагерлері және белгілі мамандар қатысады. Аталмыш шара 2017 жылғы 13 наурыз күні сағат 11:00-де Астана қаласындағы «Beijing Palace Soluxe» қонақ үйінде өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или