Оңтүстікамерикалық ESPN басылымының тілшісі Фернандо Барбоза орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен америкалық боксшы Дэниэл Джейкобстың арасындағы жекпе-жек туралы ойымен бөлісті. Бұл туралы Baq.kz жазды.
«Дэниэл Джейкобс - қарымды қарсылас. Рингте Головкинге еркінсуге болмайды, себебі Джейкобс секілді панчер жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтауға қауқарлы. GGG-дің бұл кездесуде фаворит екені даусыз, алайда Джейкобстың да айтары бар. Жекпе-жек сарапшылар мен жанкүйерлер күткендей дәрежеде өтсе екен деген тілегім бар. Өз басым, қос спортшыдан да әдемі бокс күтемін», - дейді Барбоза