Наазим Ричардсон Головкин-Альварес кездесуіне болжам жасады

Наазим Ричардсон Головкин-Альварес кездесуіне болжам жасады

Бернард Хопкинстің бұрынғы бапкері Наазим Ричардсон Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында өтуі мүмкін кездесу жайлы пікірін айтты.

«Головкин – бұл қалжың емес, бірақ Канело оны жеңіп кетуі мүмкін», - деді Ричардсон FightHub TV-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, Альварес Чавесті, ал Головкин Дэниэл Джейкобсты жеңсе, боксшылар биыл қыркүйекте кездеседі деп күтілуде.

Ал Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл бокс кешін «Қазақстан» мен KazSport телеарналары көрсетеді. Головкиннің жекпе-жегі наурыздың 19-да Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или