GGG – Джейкобс. Букмекерлер не дейді

GGG – Джейкобс. Букмекерлер не дейді

Букмекерлік кеңселер қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңетініне сенімді.

Басында Головкин – Джейкобс кездесуі ұйымдастырылатыны белгілі болғанда букмекерлер мынадай коэффициент ұсынған болатын: Головкиннің жеңісіне – 1,32, Джейкобстың жеңісіне – 3,50.

Алайда жекпе-жектің уақыты жақындаған сайын GGG-дің жеңісіне сенімділер көп: Головкинге 1,10, Джейкобсқа – 6,50.

Айта кетейік, <span>Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл бокс кешін «Қазақстан» мен KazSport телеарналары көрсетеді. Головкиннің жекпе-жегі наурыздың 19-да Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или