Сауль «Канело» Альварестің промоутері түрмеге қамалуы мүмкін
«Golden Boy Promotions» промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя мас күйінде автокөлік жүргізгені үшін алты айға абақтыға қамалмақ, деп хабарлайды англиялық басылымдар.
Сот төрелігі Оскарға ресми түрде кінә тақты. Бұл жағдай осы жылдың 25-ші қаңтар күні АҚШ тың Пасадена қаласында болған. Жол полицейлері оны жоғары жылдамдықпен көлікті жүргізгені үшін тоқатқан. Сол кезде Де Ла Хойяның мас болғаны анықталды. Промоутер өзінің кінәсін мойындаса, 1 мың доллар өтемақы төлеп, абақтыдан құтылуы мүмкін. Сонымен қатар, танымал промоутер анонимді маскүнемдер кездесулеріне барып тұруы тиіс.
Айта кетейік, Оскар Де Ла Хойя 1973 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында дүниеге келген. Лақап аты - «Алтын бала». Бокс тарихындағы әйгілі боксшылардың бірі және Барселона Олимпиадасының чемпионы. Қазіргі таңда Сауль «Канело» Альварестің промоутері.