Геннадий Головкин: «Канелоның» командасы көп сөйлейді

Геннадий Головкин:  «Канелоның» командасы көп сөйлейді

Геннадий Головкин «Los Angeles Times» басылымына берген сұқбатында «Канело» жайлы ойымен бөлісті.

Осыған дейін GGG-дің промоутері Том Леффлер  «Golden Boy-мен» келісімге келуге жақын екенін айтқан болатын. Мексикалық өз кезегінде Генамен қыркүйек айында кездесуге дайын екенін хабарлаған. 

««Канеломен» жекпе-жек жайлы айтсақ, қазір мен басқа кездесуге дайындық үстіндемін. Оның командасы өте көп сөйлейді. Бітпейтін бла-бла-бла... Мен кез-келген қарсыласқа 100 пайыз дайынмын. Егер мексикалық менімен жұдырықтасқысы келсе, маған хабарластынын бәрі түсінеді. Ол маған келісімшарт әкелсе, ертең-ақ оған қол қойып, дайын отырамын. Мамырда, маусым немесе шілде болсын. Бұл маңызды емес. Бәрі осы кездесуді асыға күтеді», - деді Головкин. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или