Эрик Гомес: Головкин Сондерспен төбелессе, Альваресті ұмытсын

Эрик Гомес: Головкин Сондерспен төбелессе, Альваресті ұмытсын

Golden Boy Promotions компаниясының презииденті Эрик Гомес Альварес - Головкин кездесуін ұйымдастыру үшін көп уақыт керек екенін айтты. 

- Егерде Головкин Сондерспен төбелессе, онда Канелоға қарсы кездесу ұйымдастырылмайды. Менің естуімше оларға мұндай ұсыныс түскен. Біз Леффлермен тек Головкин - Альварес жекпе-жегі туралы сөйлестік. Егерде олар Сондерсті таңдаса, біздің жоспарымыз бұзылады. Себебі Альварес - Головкин сынды үлкен жекпе-жекті ұйымдастыру үшін көп уақыт қажет. БАҚ және ТВ-ге қатысты мәселелер бар. Сондықтан бұның бәріне көп уақыт керек, - деді Гомес RingTV басылымына.

Естеріңізге сала кетсек, шетелдік БАҚ Головкиннің 10-шы маусым күні Астанада британиялық Билли Джо Сондерспен кездесетінін жазған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или