Санчес Мейуэзерге жауап берді

Санчес Мейуэзерге жауап берді

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес кіші Флойд Мейуэзердің GGG- туралы айтқан сөздеріне жауап қатты.

Естеріңізге сала кетсек, Флойд жақында Головкиннің көп қате жіберетінін және баяу жұдырықтасатынын айтқан болатын.

«Флойдтың сөзі көңілімізді түсірген жоқ. Демек, Мейуэзер Головкин туралы көп ойлайды. GGG оның басынан шықпай жүргенге ұқсайды, Геннадий шыңда тұрған кезде әзір шықпайды да. Головкин сонша баяу болса, Том Леффлерге хабарласып, жекпе-жек күнін таңдасын. Биылғы бос үш кездесуіміз бар», - деді Санчес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или