Головкин: Альварестің командасы «Бір жылдан кейін» деп айтты

Головкин: Альварестің командасы «Бір жылдан кейін» деп айтты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы өтуі мүмкін кездесуі жайлы пікірін білдірді.

«Альвареске қарсы кездесу ме? Білмеймін. Промоутерім Том Леффлерге айтқанмын, ол кездесу жөнінде Golden Boy-мен сөйлесті. Олар «Бір жылдан кейін» деп жауап қатты. Әңгімелер өте көп. Дәл қазір бар көңілімді Дэниэл Джейкобсқа бөліп жүрмін. Себебі бұл расымен де үлкен жекпе-жек. Альвареске дайынмын ба? Әрине, дайынмын. Бірақ бұл туралы кейінірек айтамын», - деді Головкин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или