UFC-дің ресми сайты хабарлауынша, жеңіл салмақтағы экс-әлем чемпионы Эдди Альварес Дастин Порьеге қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесу 13-ші мамыр күні UFC 211 турнирының аясында өтпек.
Альварес соңғы кездесуінде Конор Макгрегорден нокаутпен ұтылған болатын. Порье соңғы жекпе-жегінде Джим Миллерді төрешілердің шешімімен жеңген.

