Елеусінов қазақстандық жанкүйерлерімен қоштасты

Елеусінов қазақстандық жанкүйерлерімен қоштасты

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов бүгін Астанада жанкүйерлермен қоштасты. Қоштасу аясында ол автограф-сессия ұйымдастырды.

Енді қазақстандық боксшы шетелге кетіп, сол жақта кәсіпқой рингтегі мансабын бастайды.

Даниярға сәттілік тілеп, чемпионмен бірге суретке түсу үшін бірнеше ондаған адам келді.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр Данияр Бразилияда өткен жазғы Олимпиадада алтын жүлде алған болатын. Сонымен қатар, Даниярдың еншісінде Азия чемпионы, Азия ойындарының чемпионы және әлем чемпионы деген атақ бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или