Максим Головкин: Генамен финалда кездескен кездер болды

Максим Головкин: Генамен  финалда кездескен кездер болды

Максим Головкин НВО телеарнасында шыққан «24/7. Головкин – Джейкобс» бағдарламасының аясында сұхбат беріп, бауыры жайлы естеліктерімен бөлісті.

«Геннадий екеуіміз бір салмақта жұдырықтасып бір-бірімізбен финалда жолыққанымыз есімде. Ең алдымен мен жарыстан шықтым, одан кейін оның кезегі келді. Осылай мен Қазақстан чемпионы атандым. Сол кездері Қазақстан ССР  құрамасына кіру үшін ақша керек болатын. Біз кедей отбасында тұрдық деп айта алмаймын. Бірақ, екеуміз бірдей жиындарға баруға ақша жетпейтін. Сол кездері Геннадийдің боксқа деген ынтасы басымдау болды. Мен оған жол беріп, шетке шыққаныма еш өкінбеймін.

Мен бауырыммен мақтанамын. 10-20 жасымызда жаттығудан ауырсыну, қан мен тер, жас аққанына дейін есімде. Геннадийдің қазіргі жетістігіне қарамастан әлі де алға жүріп, өзін жақсартуға тырысатынын да білемін. Бұл біздің қанымызда бар. Біз жеңілгенді жек көреміз», - деді Максим.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или