Ахмедовтың қарсыласы ауысты

Ахмедовтың қарсыласы ауысты

11-наурыз күні Польшада қазақстандық  боксшы Али Ахмедов кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегін өткізеді.

Отандасымыздың қарсыласы гамбиялық 26 жастағы Патрик Менди (17-11-2, 1КО) болған. Белгісіз себептерге байланысты Патрик кездесуден шеттетілді. Алидің ендігі қарсыласы аргентиналық Матео Дамиан Веронмен (26-18-3, 8КО) шаршы алаңға шығатын болады.

Айта кетейік, Али Ахмедов осыған дейін 5 жекпе-жек өткізіп, бесеуін жеңіспен аяқтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или