Қазақстандық боксшылар Германияда жаттығу жасауда

Қазақстандық боксшылар Германияда жаттығу жасауда

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Германияда жүр, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар.

«Біз кеше, жексенбі күні Германияға ұшып келдік. Қазақша айтқанда, «ит тұмсығы өтпейтін ну орман» арасында орналасқан базаға келіп жайғастық. Басты мақсатымыз - біріккен оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізу. Қазір ауа райы мен уақыт айырмашылығына бейімделіп жатырмыз. Жалпы Германияға 15 боксшы алып келген болатынмын. Оның 10-ы осында өтетін турнирге қатысады. Ал бесеуі жақында Финляндия елінде өтетін тағы бір турнирге аттанады. Ал қалған жігіттер Алматыдағы AIBA академиясында жаттығып жатыр. Олардың ішінен алты боксшымыз Бакуде өтетін «Жібек жолы» турниріне қатысады», - деді Мырзағали Айтжанов.

Естеріңізге салайық, осыдан біраз уақыт Қазақстан құрамасы Алматыда АҚШ және Германия боксшыларымен бірлеккен оқу-жаттығу жиындарын өткізген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или